Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов соңғы сөзін айтуға сот залына келмеді

AstanaTV
02.10.2018ж. 20:00
2506
Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов соңғы сөзін айтуға сот залына келмеді

Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов пен оның сыбайластарына қатысты сот шешімі 8-ші қазанға белгіленді. Бүгін сот аталған іске қатысы бар барлық айыпталушыларға соңғы сөз айту мүмкіндігін берді. Әдеттегідей іс басты фигуранттарсыз өтті. Айыпталушылар қатарындағы өзге 9 адам ақталуға тырысты. Олардың барлығы        экс-әкім кезінде әкімдіктегі әртүрлі қызметтерді атқарған. 2 ай бойы қаралған іс материалдарында келтірілген барлық дәйектерін мойындайтындарын айтып, сот залынан босатуды сұрады.    

Яков ЗАЯЦ, АЙЫПТАЛУШЫ:  

Мен сот залында айтылған айыптауларды ескере келе кінәмді толық мойындайтынымды жеткізгім келеді. Әрине, мен тек атқарушы қызметте болғандықтан басшының сөзіне қарсы шыға алмадым. Сондықтан, келтірілген дәлелдерде еш қате жоқтығын айтып, істеген ісім үшін кешірім сұраймын және тергеуді тоқтатуыңызды сұраймын.  

Абай САПАРОВ, АЙЫПТАЛУШЫ:  

Виктор Храпунов қала әкімі болғандықтан оның әр тапсырмасы міндетті түрде орындалуы тиіс еді. Біз еш жағдайда қарсы пікір білдіре алмадық. Сондықтан, сот тергеуі барысында көрсетілген дәйектерді толық мойындай келе, істеген әр ісіме өкінетіндігімді жеткізгім келеді. Бірақ, жауапқа тартылған мерзімнің өтіп кетуіне байланысты маған қатысты тергеуді тоқтатуыңызды сұраймын.  

Айта кетейік, Виктор Храпунов мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны және ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Бұл іске оның жұбайы Лейла Храпунова да жауап беруі тиіс. Ерлі-зайыптыларға тағылған күдік расталса, оларға 20 және 17 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.  

О. Нұржақып