Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтаудағы сарбаздан «менингококк» вирусы анықталған жоқ

AstanaTV
02.10.2018ж. 20:00
2471
Ақтаудағы сарбаздан «менингококк» вирусы анықталған жоқ

Ақтауда хал үстінде жатқан сарбаздан «менингококк» инфекциясы анықталған жоқ. Бұл туралы Үкімет қабырғасында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның сөзінше, лабораториялық сынамалардан ауру белгілері анықталмаған.  

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: 

Қазір сіз айтқан әскери маманда ол басқа диагноз болып шықты. Сонымен, жалпы елдегі менингит деңгейі осы көп жылдың ауру деңгейімен салыстырғанда 5 есе төмен. Қатты қауіп жоқ.  

Алайда, сарбазға қандай диагноз қойылғаны белгісіз. Естеріңізге салсақ, сарбаз 25-қыркүйекте денсаулығына шағымданған. Кейін ол әскери бөлімнің санитарлық бөлімінде ем қабылдайды. Алайда, ауру асқынып, тек 30-шы қыркүйек күні инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Ес-түссіз жатқан науқасты емдеу үшін Астанадан реаниматолог дәрігерлер аттанған. 

Д. Бақдәулет