«Тұран Әлем Банктің» басшысы Ержан Тәтішевті 2004 жылы қасақана өлтіруді ұйымдастырды деп айыпталған Әблязов ісі сотқа жетті. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Қылмыстық іс Жамбыл облысы мамандырылған ауданаралық сотына жіберілген. Прокурорлар бұл туралы Мұхтар Әлязовқа ескертіпті. Оны қорғауға Алматы қалалық адвокаттар коллегиясынан кәсіби адвокат тағайындалды. Бұған дейін Жамбылда өткен сотта Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті аңға шыққанда атып, ол үшін 4 миллион доллар алғанын мойындаған еді. Ол 10 жыл 6 айға сотталды. Сондай-ақ, Әблязовтың тапсырмасымен Тәтішевтің ізін аңдыған Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-басшысы Нартай Дүтбаев та түрмеге қамалған еді.
М. Дюсекина