Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыдағы қос бірдей оқу орнының мұғалімдері шу көтерді

AstanaTV
03.10.2018ж. 20:00
3862
Алматыдағы қос бірдей оқу орнының мұғалімдері шу көтерді

Алматыдағы Қазақ Ұлттық Техникалық зерттеу университеті мен Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің бұрынғы оқытушылары шу шығарды.  Олар жұмыстан заңсыз шеттетіліп, жатақханадан қуылып жатырмыз деп шағымданды. Ал, жоғарғы оқу орнының басшылығы 200 орындық жатақхананы студенттерге береміз деп отыр. Тараптардың пікірін Олжас Нұржақып тыңдады.  

Кеш қарайса да, көңілдерінен тыныштық кеткен оқытушылар оқу басшылығы заңды белден басты деп отыр. Гүлнар Керімбекова аты дардай оқу орнында 18 жыл жұмыс істеп, аяқ асты жұмыссыз қалғандардың бірі.  

Гүлнәр КЕРІМБЕКОВА, Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰТЗУ БҰРЫНҒЫ ОҚЫТУШЫСЫ: 

Жұмыссыз отырмын. Баламның 20 мың пособиесіне ғана күн көріп. Менде де қарыздарым шығып жатыр. 3 ай бойы жұмыс істемегенім үшін. Жатақханадан шықпаймын.

Тіпті, олар жиналып сотқа да арыз берген. Жұмыстан шығарса да, ұзақ жыл тұрған жатақханамыздан айыруға құқы жоқ дейді олар.  

Гүлнұр ҚАЛИДОЛДИНА, Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰТЗУ БҰРЫНҒЫ ОҚЫТУШЫСЫ: 

Приватизацияға сотқа бердік. Процесс жүріп жатыр. Политех қайта-қайта бәріне уводемление жіберіп жатыр. Сотқа шақыртып жатыр. Шығарамыз, бүйтеміз деп. Біз шықпаймыз. Охрана қайта қайта келіп тексереді. Аяқпен есіктерді тебеді.

Политехникалық зерттеу университетінің мына жатақханасына олар 90-шы жылдардың аяғында қоныстанған. 54 жанұя, 200-ден аса жан содан бері осы жерде. Политехникалық оқу орны оқытушыларының шағымына Аграрлық университеттің де мұғалімдері қосылған. Себебі оларда да дәл осы жағдай.  

Гүлмира ҚАСЕНОВА, ҚАЗҰАУ БҰРЫНҒЫ ОҚЫТУШЫСЫ: 

Әрқашан мен ондықта, жиырмалықта. Үнемі менің балым жоғары. Мен өзімді ұялмай айта аламын керемет ұстазбын деп. Бұл жерде 30-шы бап бұзылып отыр. Мені шығаруға олардың ешқандай құқығы жоқ. Өйткені, рейтинг жүйесі соған негіз.

Ал, оқу орны басшылығы жатақханада тұрған қызметкерлер жұмыстан заңды түрде шықты деп отыр. Ал, шуды мойындарындағы берешектің өсуіне байланысты шығарып отыр деп санайды.   

Айнұр ИСАЕВА, Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰТЗУ БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИЕРКТОРЫ: 

Біз қазір акционерлік қоғам болып табыламыз. Сондықтан, ол жатақхана университеттің жекеменшігі болып табылады. Сондықтан, біз оны жекешелендіруге бере алмаймыз. Заңсыз түрде жұмыстан шығарылды деген мүлдем дұрыс емес. Осы уақытқа дейін 2018 жылдың басынан бастап 40 бізге комиссия келді. Сол жөнінде тексеруге.

Азамат АЛТАЕВ, ҚАЗҰАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: 

Кім өз міндетін орындамайды, ақшасын төлемейді біз әрине шара қолдануымыз керек. Ол біздің міндетіміз. Егер, біз уақытысы бітуіне байланысты еңбек қатынастарын тоқтататын болсақ, оған ешқандай негіз керек жоқ. Ешкімге біз түсініктеме беруге де міндетті емеспіз.  

Политехникалық университет өкілінің айтуынша, 28-жанұяның 13 миллион теңгеден асатын қарызы бар. Сол 28 ұстаздың 13-іне сот 2015-ші жылы тұратын орынды босату туралы үкім де шығарыпты. Бірақ, еш өзгеріс жоқ. Енді оқытушы мен оқу орнының кикілжіңі сотта жалғаспақ.   

О. Нұржақып