Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Тобыл өңіріндегі 39 коммуналдық кәсіпорын тұтынушыларға 400 миллион теңге қайтармақ

AstanaTV
03.10.2018ж. 20:00
2277
Тобыл өңіріндегі 39 коммуналдық кәсіпорын тұтынушыларға 400 миллион теңге қайтармақ

Қостанай облысындағы коммуналдық кәсіпорындар 400 миллионға жуық теңгені тұтынушыларға қайтарып беруі тиіс. Қарыз тарифті төмендету арқылы бір жыл ішінде өтеледі. Кәсіпорындардың есебін талдаған Табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары осылай деп отыр. Аймақтағы 91 мекеменің 39-ы тарифтік сметада көрсетілген шығындарын растай алмаған. Қомақты қаражаттың 170 миллионға жуығы «Арқалық жылу энергетикалық компаниясына» тиесілі. Ал, «Қостанай жылу» компаниясы есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар төлеген 21 миллион теңгені қайта есептейтін болды. Электр қуатын тарататын мекемелер орташа тарифті 6 пайызға, тұрғындарға арналған тарифті 2 пайызға төмендеткен.   

Азамат САБЫРЖАН, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ, ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

Орындалмаған соммалар табиғи монополия субьектісіне қайта өтедік, яғни,  сол соммаға тариф төмендетіліп, бір жыл бойы көрсететін болады. Ескеріп кететінім, бізде заң бойынша қаралған ғой. Егер, стратегиялық тауардың бағасы өскен кезде ол жаңағы тариф қайта қаралуы мүмкін. Ал, жаңағы сомма сосын тарифтен алынып тасталады. 

З. Санай