Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мәулен Әшімбаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

AstanaTV
04.10.2018ж. 20:00
2284
Мәулен Әшімбаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Мәулен Әшімбаев ұстаздарды келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтады. Бүгін ол Астанадағы №83 мектеп-гимназиясының инклюзивті білім беру сыныптарының жұмысымен танысты. Бұл білім беру мекемесі ерекше талаптарды қажет ететін балаларға арналған. Мұнда халықаралық тәжірибе бойынша инклюзивті білім беру жүйесі енгізілген. Мәулен Әшімбаев инклюзивті білім беру қолдауға лайық игі іс екенін айтып өтті. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партия тарапынан да ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын жеткізді.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Сіздердің мектептеріңізбен тығыз жұмыс істеуге дайынбыз. Өйткені, көп нәрсені сіздерден үйренуге болады. Адамның көңілі толады. Балалараға жасалып жатқан мүмкіндіктер. Мүмкіндігі шетктеулі балалардың арнайын көріп жатырмыз. Арнайы тренерлердің барын көріп жатырмыз. Сондықтан, бұл тұрғыдан алған кезде біз енді сіздердің тәжірибелерңізді басқа өңірге де таратуымыз керек деп өзім ойлаймын.

Айта кетейік, №83 гимназия «GlobalScholars» халықаралық жобасы аясындағы пилоттық мектептердің бірі. Білім ұясы ЮНЕСКО-ның «аралас мекттептер» халықаралық жобасына қосылып, республикалық, халықаралық олимпиадаларға белсене қатысып келеді. Алтын ұяда 30 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан ұстаз нұротандықтардың оның еңбегін ескергеніне дән риза.  

Тілеулес ӘУКЕНОВА АСТАНА ҚАЛАСЫ №83 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:  

Біздің мектепбімізге арнайы келіп отырған «Нұр Отаннан» келіп отырған қонақтарға мыңда бір рахмет айтамыз. Мұғалімдер күнімен барлығын құттықтаймын өзімнің әріптестерімді.

Д. Сапарқызы