Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мәулен Әшімбаев: «Елбасы Жолдауы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тарихи құжат»

AstanaTV
05.10.2018ж. 20:00
3488
Мәулен Әшімбаев: «Елбасы Жолдауы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тарихи құжат»

Елбасы Жолдауында көрсетілген басымдықтардың мәні мен маңызын әрбір қазақстандыққа түсіндіру - «Нұр Отан» партиясының негізгі міндеті. Бұл туралы бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың партияның құрылымдық бөлім және аймақтық филиал басшыларымен кездесуінде айтылды. Жолдауда көрсетілген барлық басымдық миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі арттыратыны сөзсіз. Ал бұл - әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуды көздейтін Қазақстан үшін басты талаптардың бірі. Осы мәселеге ерекше назар аударған Мәулен Әшімбаев Елбасы Жолдауы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тарихи құжат екенін айтты. Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Жолдаудағы міндеттерді іске асыруға әр нұротандықтың атсалысуы тиіс екеніне назар аударып, партияның барлық құрылымдары мен филиалдарына нақты тапсырмалар берді.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Елбасымыздың Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру мәселесіне арналғанын өздеріңіз білесіздер.Енді біздің партиямыздың мақсаты - Елбасының Жолдауында айтылған негізгі идеяларды, негізгі ұсыныстарды халыққа жеткізу, түсіндіру. Осы Елбасы Жолдаукында берілген үлкен тапсырмаларды орындалу барысында қоғамдық бақылау жүргізуді біз қолға алуымыз керек.

Д. Сапарқызы