1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге көтеріледі. Енді бұқараның табысы тұрақты өсіп, тұрмыс сапасы жақсара түседі. Үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі де биыл шешіледі. Оған бюджеттен қосымша 50 млрд теңге қарастырылмақ. Сондай-ақ, ғылым мен денсаулық саласында қаржыландыру артады. Бүгін Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Елбасы осындай жағымды жаңалықтармен бөлісті. Әлеуетін артқан әлеуметтік салада тағы қандай өзгерістер орын алмақ? Тілшіміз тарқатып айтады.
Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ:
Президент 1 қаңтардан ең төменгі жалақыны 1,5 есе көтеруді тапсырды. Бұл әрбір қазақстандық үшін шынайы көмек болады. Бұл барлық салаларда, барлық меншік формасындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 млн 300 мың адамның еңбекақысын көтеруге септігін тигізеді», - деді Елбасы.
Демек, ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 мыңға көтеріледі. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге қарастырылады. Ал, учаскелік медицина қызметкерлерінің айлығын 20 пайызға көтеру үшін қазынадан 5 млрд теңге бөлінбек.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
При этом теперь минимальная зарплата не будет привязана к прожиточному минимуму. Новый размер минимальной заработной платы станет катализатором роста оплаты труда в целом в масштабах всей экономики. Надеюсь, данная инициатива будет поддержана крупными компаниями в части повышения зарплат низкооплачиваемым работникам.
Елде әлі күнге дейін мектеп тапшылығы бар. Үш ауысымдағы мектептер де жойылған жоқ. Президент білім саласындағы бұл проблемаларды шешу үшін қосымша 50 млрд теңге бөлінеді,-деді. Бұл ретте мектептерді ең қажетті деген аймақтарда салуды қадап айтты.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Решите эти позорные трехсменные в конце концов. Бала 8 де келеді, ол түскі 2-ге дейін оқиды. Бір сағаттан соң 3-те тағы балалар келеді. ол 7-ге дейін оқиды. Сосын кешкі 7-ден түн ортасына дейін оқи ма қалған 3-ші ауысым. Как это мы можем себе позволить, а?
Барлық орта оқу орындары Назарбеев мектебінің әдісімен оқитын болады. Президент бұл тиімділігін көрсетті деп отыр. Ал, мұғалімдер мәртебесі артады. Жұмысы басынан асатын ұстаздардың жүгін жеңілдету үшін «Педагогтардың статусы туралы» заң жобасы әзірленбек.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Он должен предусмотреть все стимулы для учителей и работников дошкольных организаций, сократить нагрузку, оградить от непредвиденных проверок и несвойственных функций. Тыңдаңыздар, мұғалімдерге бүгінгі таңда барлық жұмыс жүктеле береді. Сайлауды өткізетін - мұғалімдер, үгіт-насихатты жүргізетін - мұғалімдер, бір шаруаны атқару керек болса - мұғалімдер. Ол үшін ешкім де оларға ақша төлеп жатқан жоқ. Оларды бүл жүктемеден арылту керек.
Нүрсұлтан Назарбаев Жолдауда халыққа қолжетімді баспана беру мәселесіне ерекше тоқталды. Бүгінде «7-20-25» бағларламасымен 2000 өтініш мақұлданған. Бұған президенттің көңілі толмады.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Тек 2000 ғана мақұлданған ба? Үй алғысы келетіндер жоқ па? Әлде оның талаптары сондай ма?Банк не таба алмай жүр? Қазір шешейік! Бағдарлама хабарланды. Бірақ, жұмыс істемейсіздер.
Енді Қазақстанда Назарбаев Университеті секілді тағы бір іргелі жоғарғы оқу орны бой көтермек. Бұл шартарапта білімін шыңдауға құмар жастарды елге тартудың бір жолы. Жастар елдегі білімнің сапасына сенім артпайды. 130 ЖОО бар деген мемлекет басшысы олардың рейтингі енді қатаң бақылауда болатынын ескертті. Бұл бастама студенттердің сапалы білім алып қана қоймай, тұрақты жұмысқа орналасуына көмек,-дейді мәжілісмендер.
Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
ЖОО-дарының тиімділігін арттыру мәселесі көңілге қонады. Жастардың жұмысқа орналасуын жариялап отыру оларға үлкен жәрдем деп ойлаймын.
Медицина да солай. Халық бізде емес, шетелде емделгенді жөн санайды,-дейді Елбасы. Сондықтан, көп жылғы тәжірибені жинақтап, Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастауды тапсырды. Елбасы бұл игі бастамалар әлеуметтік саланың әлеуетін арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартады деді.
А. Бектас