Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Төретамдағы бесқабатты үйдің төбесін жабуға кәсіпркерлер тартылмақ

AstanaTV
08.10.2018ж. 20:00
3935
Төретамдағы бесқабатты үйдің төбесін жабуға кәсіпркерлер тартылмақ

Ал, Төреғалидің ауылы Төретамнан жағымды ақпар. «Астана» арнасында шыққан сыни материалға әкімшілік назар аударды. Төретамдағы жалғыз көпқабатты үйдің проблемасын шешуге жерглікті билік көмектеседі. Бұдан бұрын Байқоңыр маңында тозығы жетіп, күтусіз қалған баспана туралы жаңалықтарымызда көрсеткен едік. Бүгін ауыл әкімі, үйдің шатырын бүтіндеуге қол ұшын беретінін хабарлады.  

Шайқыбек СҮЙЕМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТӨРЕТАМ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ: 

Сол крышаның төбесіне шығып, қандай шығын шығатынын, қандай материал керек екенін жұмыстарын анықтап жатырмыз. Бүгінгі таңда анықталып қалды, қандай материалдар керек екені. Жеке үй болғаннан кейін өздері жасату керек қой. Олардың жағдайы көтермегендіктен бізде кәсіпкерлер бар, солардан қолдау тапсақ. Жақын арада табылады деген ойдамыз, енді. 

Еске салайық, 28 жыл бұрын салынған үйде жарықтан басқа коммуналды қызмет түрі жоқтың қасы. Суды тасып ішеді, дәретхана аулада, ал қыста тұрғындар пәтерге пеш жағып отыр. 70 пәтерлі үйде қазір 22 отбасы ғана тұрып жатыр. Тұрғындар төбеден сорғалаған жауын суы, бірінші қабатқа дейін жететінін айтып шағымданған. Одан нәтиже шыққанынына дән риза.  

Ақжарқын ДҮЙСЕБАЕВА, ТӨРЕТАМ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Материал шыққаннан кейін Шахым, біздің Төретамның әкімі, кешкісін, қараңғыда келіп кетті. Одан ертеңіне тағы келді. Одан бүгін тағы келіп кетті.  

Ш. Сақтапова