Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Нұротандықтар 500 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздар әулетінде болды

AstanaTV
08.10.2018ж. 20:00
3121
Нұротандықтар 500 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздар әулетінде болды

Педагогтың жайын педагог қана түсінеді. Мұғалімнің мәртебесін айқындауда кеңесті өздерінен сұраған жөн, - дейді «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласындағы өкілі. Нұротандықтар ұстаздар күніне орай Шымкенттегі Назаровтар әулетіне арнайы құттықтап барды.  

85 жастағы Таштан Назарова 33 жыл бала оқытқан. Тәуелсіздік алған жылдары бастан өткерген қиындықтарға қарамастан оқушыларға әріп танытудан жалықпаған жанның ұрпағы да осы мамандықты жалғастырып келеді. Өсіп-өнген бұл әулеттің отыз бір мүшесі-мұғалім. Ұл-қызынан бөлек келін, немерелеріне дейін осы кәсіпті таңдаған. Олардың жалпы еңбек өтілі 500 жылға жуықтайды. Бақандай бес ғасырдан бері бала тәрбиесімен айналысып келеді. Бұл әулеттің ұрпақ тәрбиесінде, бала оқытудағы еңбегін атап өтпей болмайды, -деді Нұротандықтар. Айтпақшы, бұл отбасының 17 мүшесі партияға мүше.  

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ : 

Елбасы жыл сайын ұстаздарға, мектепке көңіл бөліп келеді, жаңа стандарттар керек деп отыр. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегеннің бізде ұлы бабаларымыз айтып өткен, нағыз бесігімізді түзейтін мәселе ол-педагогтың статусы. Себебі, мұғалім мықты болса, мұғалімнің жағдайы жақсы болатын болса, мұғалімнің берген білімі де, істеген еңбегі де сапалы болады. 

А. Төребекқызы