Ұшаққа билетсіз кірген әнші Төреғали Төреәлінің кесірінен 4 адам жазаланды. Бортта бөтен адамның заңсыз жүргеніне қатысты тексеріс жүргізген Азаматтық авиация комитеті бүгін тиісті шешім шығарды. Осылайша, «Эйр Астана» әуе компаниясының бір, Алматы әуежайының үш қызметкері әкімшілік жауапқа тартылған. Енді олар 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 48 100 теңге айыппұл төлеуге міндетті. Ал, бортқа билетсіз кіріп кеткен әншінің өзі қалай жазалатыны әзірге белгісіз.
Еске салайық, 14-қыркүйекте әнші Төреғали Төреәлі Алматы-Гонконг бағытындағы ұшаққа билетсіз кірген. Экипаж мүшелері ер адамды шыққан кезде бірақ байқап, рейс кешігіп ұшқан еді.
А. Бектас