Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Дағдарысты еңсеруге бағытталған іс-шарада сенімнің жоқтығы оң нәтиже бермейді - Н.Назарбаев

AstanaTV
08.10.2018ж. 20:00
2772
Дағдарысты еңсеруге бағытталған іс-шарада сенімнің жоқтығы оң нәтиже бермейді - Н.Назарбаев

Мемлекеттер арасында «сенім дағдарысы» өршіп барады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев кейбір елдер арасындағы қарым-қатынасқа осылай деп сипаттама берді. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы қызметіне енді кіріскен елшілерге сенім грамотасын табыстады.    

Әлемде қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірген Назарбаев өзара сенім болмаса, қандай да болмасын дағдарысқа төтеп беру қиындайтынын жеткізді. Бұл ретте, ол көп векторлы сыртқы саясаттың тиімділігін атап өтті.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Жақында Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында кейбір елдер арасында «сенім дағдарысының» одан әрі өрши түскені анық байқалды. Өзара сенім орнықпаса, дағдарысқа қарсы кез-келген іс-қимылдың оң нәтижесі болмайды.

Еске салсақ, былтыр Астана Сирия келіссөздерін өткізуге мұрындық болды. Биыл БҰҰ аясында тағы екі ірі шара ұйымдастырылмақ. Бірнеше күннен кейін Астанада әлемдік және дәстүрлі діндердің алтыншы съезі ашылады.  

А. Мұхитова