Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қазақстан мен Ұлыбритания бірлескен зауыт ашады

AstanaTV
08.10.2018ж. 20:00
2470
Қазақстан мен Ұлыбритания бірлескен зауыт ашады

Ал, Қазақстан мен Ұлыбритания бірлескен зауыттарды іске қосады. Бұл туралы Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысында мәлім болды. Қазір британдық компаниялар Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысы арасындағы аумақты зерттеп жатыр. Ыңғайына қарай, осы өңірлерде тиімді өндіріс орындарын салмақ ниетте. Айта кетейік, Қазақстан Ұлыбритания үшін сауда нарығында маңызды ойыншылардың бірі. Былтырғы көрсеткіш бойынша екі ел арасында сыртқы сауда айналымы 1,2 млн АҚШ долларын құрап, алыс-беріс 2 пайызға артқанын көрсетіп отыр. 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:  

Таяу арада геологиялық жұмыстар өзінің нәтижесін береді деп отырмыз. Сол жерлерде бірден өндіріс орындары салынады. Геология деп отырғанымыз осы. Қазіргі таңда 10 аумаққа геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Ал, нақты нәтижені жарты жыл мерзімінде көретін боламыз.

У. Қабылтайұлы