Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында арнайы байқау өткізбек

AstanaTV
09.10.2018ж. 20:00
2707
«Нұр Отан» партиясы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында арнайы байқау өткізбек

«Нұр Отан» партиясы жас ақын-жазушыларымызды қолдау мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында арнайы байқау өткізбек. Бұл бастама арқылы бағдарламаның мәні мен маңызын және оның құндылықтарын кеңінен дәріптеуді көрсету көзделген.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «Нұр Отан» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Елбасының Жолдаудағы әр ұсынысының стратегиялық маңызы зор. Мәселен, ең төменгі жалақыны 1,5 есеге көбейту-миллиондаған қазақстандықтың тұрмыс деңгейіне оң әсерін тигізетін шара. Сол сияқты, денсаулық сақтау мен білім беру саласына бөлінетін қаражат та көбейетін болады. Бұл шаралардың бәрі жүйелі түрде Қазақстандағы әлеуметтік жағдайды одан әрі дамытуға тың серпін береді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жазушылар Одағымен бірлесіп «Астана» телеарнасынан көрсетілетін арнайы телебағдарлама дайындамақ. Сондай-ақ, YouTube-те арнайы канал ашып, тәрбиелік мәні бар дүниелер жарияланады. Партиялық бастамалар аясында кітапханаларда ақын-жазушылармен кездесулер, түрлі шығармашылық кештер өткізетін арнайы клубтар құру көзделген. Осы орайда партия мен Жазушылар Одағы арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қойылды.   

Мәулен ӘШІМБАЕВ,  «Нұр Отан» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Елдің игілігіне бағытталған бұл істен Жазушылар Одағы да тыс қалмайды деп сенеміз. Өйткені, халыққа ең жақын топтың бірі, сіздер, яғни, ақын-жазушылар екені белгілі. Бүгінгі кездесуіміздің де басты себебі-осы Жолдаудың басымдықтарын талқылап, халыққа түсіндіру бойынша бірлескен жұмыстарымыздың бағыттарын айқындап алу.

Д. Сапарқызы