Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық оқу-жаттығуы өтті

AstanaTV
09.10.2018ж. 20:00
5954
Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық оқу-жаттығуы өтті

Алматыда дабыл! Бүгін таңғы онда алып шаһар тұрғындары аяқтарынан тік тұрды. Құтқару қызметі қала тұрғындарының зілзалаға дайындығын пысықтаған болатын. Жалпы қалалық оқу-жаттығу кезінде мектеп оқушылары сыртқа шығарылып, эвакуациялық нүктілердің мүмкіндігі барынша тексерілді. Құтқару жұмыстарына әріптесім Олжас Нұржақып та қатысып қайтты.   

Күнделікті оқу процесін бүгін таңмен соғылған электросирена дыбысы бұзды. Мектеп оқушылары ғимараттан сыртқа шықты. Аулаға шыққан балаларды сынып ұстаздары қолдарындағы түлі-түсті белгімен түгендеді.   

Халықты ғимараттардан шығарған соң, медициналық көмектер көрсетілді. Айта кетейік, медициналық көмекке еріктелірді үйрету ісі қолға алынған.  

Руслан ХРУЩЕВ, «ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ» ҰЙЫМЫ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: 

Зілзала салдарынан зардап шеккендерге алғашқы көмек беру тобымыз. Оқиға орнына кіруге рұқсат берісімен бірден біздің мамандар әр адамның жарақатына қарай жәрдем көрсетеді. Одан бөлек, осындай оқу-жаттығулар кезінде жиналғандарға да үйретудеміз. Бүгінгі міндет сол. Қалай жарақатты таңу, байлау сынды міндеттермен оқушыларды таныстыру.

Мұнан соң дайындықты пысықтау жұмыстары эвакуациялық алаңда жалғасын тапты. Стадиондарға шатырлар тігілген. Жалпы мегополисте 217 эвакуациялық нүкте бар.  

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ: 

Зілзала зардабын залалсыздандыруға құтқару қызметі де қарқынмен кірісті. Мақсат-барынша тез әрі қауіпсіз жолмен қиранды астында қалғандарды шығару. Дәл қазір газ және су құбырлары өшірілісімен арнайы топ дереу жетіп, үйінді астындағы адамдарды шығарысымен жарақатына сай жәрдемін беруде.

Бір сағатқа созылған жаттығу, осылайша қала халқын бір сілкіндіріп, зілзала салдарына қашанда дайын болу қажеттігін тағы бір еске салды. Ал, бұл төтенше жағдай мамандары үшін дайындық шаралары.  

Сандуғаш БАЙМҰХАМЕДОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Алматы қаласы дүбірлі 7 және одан да жоғары баллдық жер сілкінісі болатын болса, оған дайын деп айтуға болады. Сейсможаттығудың мақсаты-қауіпсіздік мәдениетін жоғарылату және оған дайын болу. Сейсмикалық институт мәліметі бойынша, осы жылдың аяғына дейін дүбірлі, тіпті 7 және одан да жоғары балл жер сілкіністері келмейді деген ақпаратқа сүйеніп отырмыз.

Сейсмо жаттығуға тек мектеп оқушылары ғана емес, қала бойынша 213 мыңнан аса адам жұмылдырылған. Дейтұрғанымен, мегополисте электросирена дыбысы әлі де болсын әлсіз. Соңғы үш жылдың ішінде дабыл жүйелерінің 65 пайызы ғана жаңартудан өтті,- дейді мамандар.  

О. Нұржақып