$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Shell» «ҚазМұнайГаз» акциясын алудан бас тартты

AstanaTV
09.10.2018ж. 20:00
2232
«Shell» «ҚазМұнайГаз» акциясын алудан бас тартты

Бірақ, тап осы Тұманды альбионмен арада мұнай-газ саласында маңызды уағдаластық іске аспай қалуы ықтимал. Ағылшын-голландық «SHELL» компаниясы «ҚазМұнайГаз» үлесін сатып алудан бас тартты. Бүгін «Bloomberg» дерекөздеріне сүйеніп осындай ақпарат таратты. Бұған дейін «KMG» үлесі «Shell»-ге ұсынылған болатын. Бұл қадам ұлттық компанияның 2019 жылы IPO қатысу кезінде бағасын өсіруге сеп болар еді. Есесіне, инвестор «ҚазМұнайгазға» ұжымдық басқару ұстанымын өзгертуге көмектесуге уәде берген. «Shell»-дің Қашаған мен Қарашығанақта үлесі бар. «ҚазМұнайгаз» мұнай өндіру, өңдеу және тасымалдаумен айналысатын ұлттық компаня. Ол мұнай-газ саласында мемлекет саясатын ұстанады.  

У. Қабылтайұлы