Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шерхан Мұртаза қайтыс болды

AstanaTV
09.10.2018ж. 20:00
5296
Шерхан Мұртаза қайтыс болды

Жаңа ғана суыт хабар жетті. Белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза дүниеден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Халқы «Шер-аға» деп білетін Шерхан Мұртаза қыркүйек айында 86 жасқа толған еді. Жазушының кіндік кескен жері - Жуалы ауданы. Ол 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Әр жылдары жазылған повестері, романдары қазақ прозасына қосқан өшпес туынды болып қалары сөзсіз. «Шер-аға» бір жылдары Қазақстан Pеспубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып ел көкейіндегі ең өзекті мәселелерді биік мінберлерден жасқанбай айтқан. Марқұмның жақын-жуықтарына қайғыларына ортасып, көңіл айтамыз.

М. Дюсекина