Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Маңғыстау облысының әкімі аймақ атқамінерлерімен Президент Жолдауын іске асыру жолдарын қарастырды

AstanaTV
09.10.2018ж. 20:00
2888
Маңғыстау облысының әкімі аймақ атқамінерлерімен Президент Жолдауын іске асыру жолдарын қарастырды

Маңғыстау облысындағы 600-ге жуық шағын және орта бизнес өкілдері салық амнистиясына ілігеді. Бұл туралы аймақтың әкімі өңір активімен өткен кездесуде айтты. Алқалы жиында Жолдау жүктеген міндеттер айқындалып, тапсырмаларды орындау жайы пысықталды.  

Жиында облыс басшысы Жолдауға қатысты жағымды жаңалықтарды жария етті. Келесі жылдан бастап 28 мыңға жуық бюджет қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен 35 пайызға өспек. Мұндай оңды өзгеріс мүмкіндігі шектеулі жандарды да қамтымақ. 25 мың мүгедектің жәрдемақысы артады,- деді. Осыған орай Ералы Тоғжанов әрбір мекемеге қызметкерлерінің жалақысын өсіруге қатысты тиісті есеп-қисапты экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырды.  

Ералы ТОҒЖАНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Аталған басқармаға республикалық бюджеттен қаражат алу үшін тиісті салалық министрлікке бюджеттік өтінімдерді уақытылы ұсынуды тапсырамын.

Айта кетейік, биыл облыста мемлекеттік қызметшілердің жалақысын 2-2,5 есеге арттыруды көздейтін пилоттық жоба қолға алынған болатын. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке қызығушылардың саны бір орынға бұрын екі адамнан келсе, қазір 16 адамға жеткен. Жоғары сапалы мемлекеттік қызметің көлемі де үш есеге көбейіпті. Сәйкесінше, мемлекеттік қызметке өкпелі азаматтардың арыз-шағымы 4 есеге азайған.  

Серікбай ТРУМОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Осы Жолдауда негізінен барлық сала бойынша толық қамтылды деп айта аламын. Оның ішінде білім саласына байланысты денсаулыққа байлансты еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікке байланысты өндірістік дамыту. Соның ішінде Қазақстан халықтың халықтың 1 миллион бюджет саласын азаматарының жалақысын көтеру.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші аймақта 94 пайызға жуықтайды. Бұл былтырғыдан 6 пайызға көп дейді салаға жауаптылар. Жыл басынан бері 2000 орындық он балабақша пайдалануға берілген. Ал, жыл соңына дейін тағы 23 нысан бөбектерді қабылдауды жоспарлап отыр. Осылайша, балабақшамен қамту 97 пайызға жетеді. Медициналық қызмет сапасын жақсарту жолдары да жолға қойылған. Сондай-ақ, осы саланы цифрландыруға да баса көңіл бөлініп отыр. Келер жылдың 1 қаңтарынан өңірдегі барлық емдеу мекемелері электронды құжат айналымына көшіріледі. 2020 жылға дейін өңір тұрғындарының электронды паспортын жасақтау мәселесі де басты орында тұрғаны белгілі болды.  

Е. Карин