Салықтан бюджетке 6 трлн теңге түсті. Бұл 9 айдағы түсім. «LS» порталының хабарлауынша, бұл өткен жылғыдан 18,5 пайызға, яғни, 1,1 трлн теңгеге артық. Қазынаға қомақты қаражат төлеген өндіріс ошақтары көп. Алматы қаласы. 9 айда 1,3 трлн теңгенің салығын өтеген. Атырау облысынан 1 трлн-ға жуық, ал Астанадан 766 млрд теңге салық түскен. Қарағанды, Маңғыстау, Алматы облысы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары 200 миллиардтан астам қаражат төлеген. Ең аз түсім Жамбыл облысы мен Солтүстік Қазақстанда. Айта кетейік, елде салықтың 10 түрі енгізілген. Оның ішінде қарапайым қазақстандықтар салығынан бөлек, кәсіпкерлер, экспорттаушылар мен өндірушілер төлейтін салық түрлері бар.
Г. Меңдеева
https://youtu.be/uDE4QgqAcbE