Негізгі / Жаңалықтар / Дауылбаев Ермегияевпен кездесуге түрмеге келген

Дауылбаев Ермегияевпен кездесуге түрмеге келген

Талғат Ермегияевтың ісіне қатысты бүгінгі сотта бұрынғы Бас прокурор Асхат Дауылбаев түсініктеме берді. Экс-шенді сотталушымен кездесуге түрмеге келегінін жоққа шығармады. Ол 2017 жылы желтоқсан айында сағат 19:00-де «Ниссан Петрол» автокөлігімен ЕЦ-166/10 абақтысына келіп, қамаудағы Талғат Ермегияевпен екеуара кездескенін айтады. Екеуі әкімшілік ғимаратта екі сағат әңгімелескен. Кездесуді ұйымдастыруға Нурритдин есімді танысы көмектескенін жасырмайды. Бұл түсініктемені прокурор Бақтияр Ерназаров оқып берді. Дауылбаевтың өзі сотта төбе көрсетпеді. Себебін уақыттың тығыздығы және денсаулығының нашарлығымен түсіндірген. Айта кетейік, Астанадағы Байқоңыр аудандық № 2 сотында өтіп жатқан Талғат Ермегияевқа қатысты сот жүріп жатыр. Процесте сотталушыға абақтыда жайлы жағдай жасаған тұлғалар анықталмақ. 

У. Қабылтайұлы