Қазақстан қор биржасының 20 пайыз жарғылық капиталы Мәскеу биржасына сатылды. Бүгін екі тарап ортақ келісімге қол қойды. Осы арқылы екі жақты ынтымақтасты нығайтып, нарық қатысушыларының мүмкіндігін кеңейтіп, қаржы алаңында тәжірибе алмасу көзделген. Тараптар дәл осы стратегиялық әріптестікті орнату үшін 2 жыл еңбектенгендерін айтады. Негізі ұсыныс Қазақстан тарапынан болған. 20 пайыз капитал 2019 жылдың аяғына дейін сатылып бітуі тиіс. Екі кезең арқылы жүзеге асырылатын құжатқа 300 миллион рубльден аса қаражат жұмсалмақ. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, енді КАСЕ капиталын сатуға, ұзақ, әрі ірі инвесторларды тартуға жол ашылмақ. Әрі, Ресейлік әріптестер біз үшін сенімді серіктес,- деді.
Данияр АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:
Мәскеу биржасы саудаланатын акцияларының жиынтық капиталы бойынша әлемдегі үздік 25 қор нарығының құрамында. Демек сол жетістік бізге де ерекше қарқынмен дамуға мүмкіндік береді. Мәскеу биржасының ноу-хауы қазақстан нарығында да қолданылмақ. Осы арқылы құнды қағаздар саудасы артып, ұзақ мерзімді инвестиция тарту көзделіп отыр.
О. Нұржақып