Негізгі / Жаңалықтар / Ақтаулық мектеп оқушылары құрдастарын «мазақ етіп» видеоға түсіріп алған

Ақтаулық мектеп оқушылары құрдастарын «мазақ етіп» видеоға түсіріп алған

Тағы да Ақтауда болған жантүршігерлік видео желіде лезде тарап кетті. Онда мектеп оқушылары, құрдастарының бірін мазақ еткен. Баланы бағанға байлап, жұмыртқа лақтырған. Сөйтіп оны ұялы телефондарының камерасына жазып алған. Оқушылар өз қылықтарын «әдепсізді жазалу» деп түсіндіреді. 8 сынып оқушысына жұмыртқа лақтырған соң үстіне ұн шашқан. Ал, бала болса басын салбыратып тұра береді. Қазіргі таңда бұзақылар анықталып, мамандар олардың ата-аналарымен әңгімелесіп жатыр.    

Айгерім ИБАДУЛЛАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Бұл бейнетүсірілімге қатысты оқушылардың ата-аналары мен мектеп инспекторына тәртіптік шаралар қолданылды. Жиналған материалдар Ақтау қаласының әкімдігіне қарасты кәмелетке толмағандар ісі мен құқығын қорғау комиссиясына жіберіліп, сонда қаралады.  

Ақтаулық оқушылар былтыр да тағы бір топ жасөспірімді діңгекке байлап, жұмыртқа лақтырып, үстіне ұн себіп майонез бен айран құйып мазақ қылған. Бұл топта бір қыз болған. Ол кезде полиция балалар достарын осылайша туған күнімен құттықтапты,- деп хабарлаған еді. 

А. Қуаш