Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шығыс Қазақстан облысында Президент Жолдауының алты бағытына арналған шаралар жоспары жасақталды

AstanaTV
10.10.2018ж. 20:00
2211
Шығыс Қазақстан облысында Президент Жолдауының алты бағытына арналған шаралар жоспары жасақталды

Шығыс Қазақстан облысында Президент Жолдауының алты бағытын қамтыған шаралардың жоспары жасақталды. Бұл туралы Премьер-Министрге аймақ әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Өңірде медициналық қызметтің сапасына баса көңіл бөлініп отыр. Облыс бюджеті есебінен дәрігерлер әлемнің үздік емханаларында тәжірибесін жетілдіріп, білім алады. Сонымен қатар, қазіргі заманға сай қондырғылар да сатып алынбақ. Түлектерден шетелге кетуіне жол бермеу үшін өңірде техникалық мамандықтарға 400 грант бөлініпті. Биылдан бастап кейбір колледждер облыстағы өнеркәсіп орындарына қажетті мамандарды даярлайды. Өңірдегі білім беру саласын жаңғыртып, барлық мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептерінің талабына сай қылу үшін жергілікті бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамытудың екі жылдық бағдарламасы жасақталыпты. Тұрғындардан сүтті сатып алу көлемі жылына 55 мың тоннаға дейін арттырылады. Ал, 9 модульдік шаруашылық базасында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер оқытылады. Сонымен қатар, Қытай нарығына жол ашылды.  

Нұрлан ТОҚТАРОВ, ШҚО АӨК ӨКІЛІ: 

Біз Қытай нарығына еркін шыға аламыз. Біздің ұнымызды Қытай екі есе қымбатқа сатып алады. Қазір осы бағытта қытайлықтармен келісім жасалды. Біздің бал мен панты, нан өнімдері мен күнбағы майы мен ет өнімдері жоғары бағаланады. 

Е. Карин