$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Қазақ елі Шерхан Мұртазамен қоштасты

AstanaTV
11.10.2018ж. 20:00
3484
Қазақ елі Шерхан Мұртазамен қоштасты

Бүгін қазақ елі қабырғалы қаламгер, қазақ журналистикасының қара нары Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салды. Алматыдағы «Әкем» театырына Шер-ағаңның рухына тағзым етуге ағылғандардың қарасы көп. Қаламымен, қайсар мінезімен, шыншылдығымен ерекшеленген ел азаматын ақтық сапарға шығарып салуға Үкімет адамдарынан бастап қарапайым оқырманға дейін тегіс келді. 

«Қазақтың қара жебесі» төл әдебиетімізге өлшеусіз үлес қосты. Журналистикаға сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің редакторы, мемлекеттік телерадио кешенінің төрағасы болып қызмет атқарған тұста талай тастүлек Шерағаның тәлімін көрді. Мәжіліс депутаттығын да абыроймен атқарды. 

Нұрлан ОРАЗАЛИН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: 

Бүкіл 360 депутаттың басым көпшілігі қазақтың интелектуалдары еді. Сол қалың интелектісі, қалың ойы, санасы бүкіл тәуелсіздік үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың қасынан табылып, сол кездегі күрес қатты жүріп жақан кезде ең даусы жарқын шыққан және шындықтың бәрін шыңғыртып айтқан бірден-бір көшімізді бастаған тұлғаларымыздың бірі осы Шерхан Мұртаза болатын. Шерханды қалың ел тыңдау үшін жиналатын теледидардың алдына. Шерхан Мұртаза өйткені айта білетін еді.  

О. Нұржақып