$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекеттен қолдау алған кәсіпкерлік қаржысы бақылануы керек-Н.Сабильянов

AstanaTV
11.10.2018ж. 20:00
2826
Мемлекеттен қолдау алған кәсіпкерлік қаржысы бақылануы керек-Н.Сабильянов

Кәсіпкерлердің мемлекеттен алған қаражаты қатаң бақылануы тиіс. Көпшлігі ақшаны тиісті мақсатта жұмсамаған. Осыған дейін жеңілдікпен несие алғандардың салық төлемек түгілі, бизнесін бастамағаны да белгілі болды. Депутат Нұртай Сабилянов осындай деректер келтірді. Сондықтан, ол кәсіпкерліктің бар түріне жаппай жеңілдік беруді тоқтатуды ұсынды. Айта өтейік, Президент соңғы жолдауда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын тағы 5 жылға ұзартуды ұсынған. Жыл сайын оған 30 млрд теңгедей бөлінеді. Нәтижесінде алдағы үш жылда кем дегенде 22 мың жұмыс орны ашылып, қазынаға 224 млрд салық түсуі тиіс. Және 3 триллион теңгенің өнімі өндіріледі деп болжанады.  

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

12 айдағы қызметтің нәтижелері бойынша мемлекеттік қолдауды алған әрбір кәсіпкерлік субъектісі бойынша бюджеттік қаражаттың пайдаланылуына талдау және мониторинг жүргізу, жосықсыз кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидияларды, жеңілдікті,жеңілдік несиелерді, салықтық жеңілдіктерді беруді тоқтату, мемлекеттік қолдауды тек өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне беруді ұсынамыз.  

Ғ. Қылышбаева