Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

AstanaTV
11.10.2018ж. 20:00
2042
Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қалыптасу барысы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта бұл қаржы құрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық құқықтық және ұйымдастырушылық база жасақталғанын атап өтті. Келімбетовтің айтуынша «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысқа кіріскен кезден бері өзін халықаралық аренада танытып үлгерді. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің мәліметтеріне сәйкес, бұл орталық әлемдік 100 қаржы орталығының ішінде 61-орынға, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша 2-орынға ие болып отыр. 

М. Дюсекина