$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Tecnam 2002 ұшағы 2012 жылы пайдалануға берілген

AstanaTV
10.08.2017ж. 20:00
2789
Tecnam 2002 ұшағы 2012 жылы пайдалануға берілген

Технам 2002 ұшағы 27 шілдеде де Жамбыл облысында апатты жағдайда қоныпты. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің өкілдері хабарлады. Ол кезде де осы Азем аэродромынан Азаматтық авиация академиясының курсанты ұшқан екен. Бірақ дәл осы ұшақ па, жоқ па - ол жағы белгісіз.

Екі адамдық жеңіл ұшақты италиялық «Tecnam» әуеқұрылыс компаниясы 2009 жылы шығарған. Дегенмен, ұшақтың сындарлы нышандары талапқа сай келмей, әуе кемесі жетілдірілуіге жіберілді. Тек араға үш жыл салған соң пайдалануға берілген. Демек, 2012 жылдан бері қолданыста. Шағын әуе кемесі жеңіл спорттық және оқу-жаттығуға арналған ұшу аппараты болып есептеледі.

Сипаттамасы мынадай: Екі адамға шақталған орны бар. Бір орын ұшқышқа арналған. Шағын әуе кемесінің ұзындығы шамамен 6 жарым, ал қанатының құлашы 9 метр. Адам бойынан тым биік емес, 2 метр 30 сантиметр. Сағатына 290 шақырыммен 980 километрге дейін ұша алады. Салмағы 600 келіден аспайды, жеңіл ұшақ деп аталуы сондықтан. 4 600 метр биіктікке көтеріле алады. Қуаты 100 аттың күшіне тең.