Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жыл сайын 70-ке жуық адамды жемқорлық фактісімен партия қатарынан шығаруға мәжбүр-Қ.Сұлтанов

AstanaTV
11.10.2018ж. 20:00
2338
Жыл сайын 70-ке жуық адамды жемқорлық фактісімен партия қатарынан шығаруға мәжбүр-Қ.Сұлтанов

Партия жыл сайын 70-ке жуық адамды жемқорлық фактісімен қатардан шығарады. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов «Нұр Отан» партиясында өткен бақылау комитетінің кезекті отырысында мәлімдеді. Айтуынша, өз мүддесі үшін партия атын жамылатын пысықайлар да бар. Соңғы екі жылда партия қатары 27 мыңнан астам жемқордан тазартылған. Отырыста соңғы үш жылда Атырау облыстық филиалы партиялық бақылау жұмысының көрсеткіші құлдырап кеткені айтылды.  

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Біз жыл сайын 60-70 адам жемқорлыққа қатынасы болған үшін партиядан шығаруға мәжбүр болып жатырмыз. Бұл біздің мақсатымыз емес оларды партиядан шығару. Біздің негізгі мақсатымыз партия құрамын таза ұстау. Мемлекеттік қызметкерлер қолында бюджеттік мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметкерлер бір тиынға дейін жауапкершілігін сақтап, халық пен ел алдындағы өзінің міндетін таза орындау керек.  

Д. Сапарқызы