Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жауапты мекеме Ақтөбедегі жағымсыз иіс мәселесін 2 айда шешуге уәде етті

AstanaTV
10.08.2017ж. 20:00
2270
Жауапты мекеме Ақтөбедегі жағымсыз иіс мәселесін 2 айда шешуге уәде етті

Ақтөбе жағымсыз иістен тек екі айдан соң ғана арылады. Ол үшін сасыған кәріз тазарту қондырғылары жаңартылмақ. Бұл жөнінде "Ақбұлақ" акционерлік қоғамының өкілі Болат Қуанышев мәлімдеді.

Тұрғындарды шаһардың экологиялық жағдайы алаңдатып, жағымсыз иіс жүректі айнытқан еді. Жергілікті билік оны кәріз тазарту қондырғыларын қайда жабдықтау арқылы күресуді бастап кетті. Қазір қалада мұндай 53 қондырғы бар. Оның онына Астанадан әкелінген әрқайсысы 40 миллион теңге тұратын арнайы сүзгілі қондырғылар орнатылмақ. Қалғандарына "Сулы кедергі" жүйесі енгізіледі. Бұл қондырғылар осы айдың соңына таман іске қосылмақ.  Мамандар, қаланы жайлаған жағымсыз иіс алдағы екі ай шамасында 70 пайызға дейін азаяды, деп отыр.

Болат Қуанышев, "Ақбұлақ" АҚ бөлім басшысы:

Проблемный КНСтер бар. Ассенизатор машиналар төгетіндер бар. Мекемелер көп загрязняющий сток лақтыратындар бар. Жеке үйлер жақын КНСтерге жоспарлап жатырмыз, ионовый фильтр дейді, фильтр қоюға. КНСтен ауа шықса, тазарып шығады, иіс болмауы керек деп. Технологияда насостарын қойып, үнемі перекачка боп тұрады.