Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Түркия Қазақстанға еңбек мигранттары үшін визасыз режим орнатуды ұсынды

AstanaTV
10.08.2017ж. 20:00
2883
Түркия Қазақстанға еңбек мигранттары үшін визасыз режим орнатуды ұсынды

Түркия еңбек мигранттары үшін Қазақстанмен визасыз режим орнатуды ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін қазақ-түрік бизнес форумында Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекджи мәлімдеді. Оның сөзінше, қос ел компаниялары арасында баяғыдан бері ынтымақтастық-әріптестік орнаған.

Бірлескен жұмыстар жүргізген жылдары Түркия Қазақстанға 2 миллиард доллар көлемінде инвестиция құйыпты. Енді оны 10 миллиард долларға дейін арттыруға болады, -  дейді министр. Сондай-ақ түрік бизнесмендері тауар айналымының артуына да ықпал етпек. Қазір ол көбінесе табиғи және энергия ресурстарымен шектелген. Түркия сондай-ақ бізге текстиль өнімдері мен азық-түлік өнімдерін де жеткізуге құлық танытып отыр. Тек айтылған жоспарды жүзеге асыру үшін, қос ел сауда қарым-қатынастарын қайта қарап, кей шектеулерді алып тастағаны жөн, - дейді түркиялық министр.

Нихат Зейбекджи, Түркияның экономика министрі:

Бізге екі ел әріптестігі үшін барлық кедергілерді жою керек. Ия, екі ел арасында визасыз режим бар. Менің ойымша, енді жұмыс күштеріне де осы режимді енгізетін кез келді. Бұл қос ел бір біріне өз өнімдерін еш кедергісіз, оңай жеткізе алатын болады деген сөз.

Жиында Туркия президентінің Қазақстанға келетін күні де белгілі болды. Бұл кездесу ЭКСПО көрмесінің жабылуы, яғни 9-10-шы қыркүйекке қарай жоспарланып отыр.