$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Петропавлдың әкімдігінде қылмыстық топ құрып, бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
12.10.2018ж. 20:00
2646
Петропавлдың әкімдігінде қылмыстық топ құрып, бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты

Петропавл әкімдігінде қылмыстық топ құрып, бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты. Оған Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының сектор меңгерушісі мен қос инспекторы тартылған. Олар қаланың бас жоспарына сай сүрілетін 10 жер телімін өз аттарына жазып, кейін оны бірнеше пәтерге айырбастап отырған. Айыпталушылар құйтырқы әрекеттерін 2015-2017 жылдар аралығында іске асырыпты. Осының кесірінен олар мемлекетке 213 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Сот экс-шенеуніктердің барлығын кінәлі деп тапты. Ал, қылмыстық топпен соттасқан қалалық әкімдік барлық қаражатты өндіріп алмақ.  

Михаил ГУСЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабы төртінші бөліміне сәйкес, Медет Сағди алты жыл сегіз айға, Қобылан Өмірсейітов алты жыл алты айға, Балдырған Өмірсейітова сегіз жылға және Жанар Есетова алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылып, бүкіл мүлкі тәркіленсін. 

А. Курманкин