Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Сыр өңіріне іс-сапары

AstanaTV
10.08.2017ж. 20:00
3018
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Сыр өңіріне  іс-сапары

Қызылорда облысының топырағында бой көтерген күллі түркі дүниесіне ортақ абыз, киелі Қорқыт-баба кесенесіне соңғы үш айда 17 елден 3 мыңнан аса турист келген. Ал Кіші Арал теңізінің бүгінгі тіршілігі көңілге қонарлық. Сыр елінің ірі агрокешендері өнімдерін экспортқа шығаруға әзір.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қызылорда облысына іс-сапары аясында тағы бірнеше кешен мен тарихи мұраларды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Басты мақсат - Елбасы тапсырмаларының, соның ішінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асу барысын бақылау.

Кең шөл далада күй атасы Қорқыт-Ата қобызының үнін естіген адам ерекше әсер алып, бұл жердің киелігін сезінеді. Ал зиярат етушілердің қатарында тек түркі тілдес халықтар ғана емес. 2014 жылы қайта жаңғыртылған ұлы ойшылға арналған кесенеге соңғы 2-3 айда келушілер қатары көп. 17 шет мемлекеттен үш мыңнан астам турист келген. "Қорқыт ата" мемориалды кешені ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі аясындағы туристік нысандар тізіміне енген.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасымыз Отанымызды әлем таныған абыройлы мемлекетке айналдырғаннан кейін Қазақстанның, ұлтымыздың рухани жаңғыруына арналған үлкен бағдарлама ұсынып отыр. Оның басты мақсаты - елін, жерін сүйетін, туған жерін қадірлейтін, отаншыл жас ұрпақ тәрбиелеу. Осы тұрғыдан келген кезде «Нұр Отан» партиясы еліміздің барлық өңірінде рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асуын қадағалайтын болады.

Қаршыға Есдәулетов, Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Елбасының алға қойып отырған рухани жаңғыру мәселесі елдің арасында қолдау тауып отыр. Ал енді рухани жаңғыру дегеніміз - бүкіл еліміздің, тіліміздің, дініміздің, осы әнұранымыздың, көк байрағымыздың мәңгілік болу мақсатында істеліп отырған жұмыс. Қорқыт бабаның жатқан жеріне, космодромға, ЭКСПО-ға келген бүкіл әлем мойындағандай, біз көріп келіп отырмыз. Осымыз мәңгі болсын дегіміз келеді.

Индустриалды бағдарламаның алғашқы қарлығаштарының бірі - Қызылорда облысындағы «РЗА» сүт тауарлық кешені. Өнімі экспортқа шығарылады. Жеті жыл бұрын Венгрия елінен әкелінген суперэлиталық голштино-фриз тұқымды 660 бас ірі қара төлдеп, саны мың жарымнан асқан. Бүгін Қазалы агроөнімдері Алматы, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында үлкен сұранысқа ие.

Самұрат Имандосов, «РЗА» АҚ президенті:

Енді осы комплексті жүзеге асырып, қосқанның арқасында осында тұрақты жұмыс істеуге 200 адамның қолы жетіп отыр. Яғни айтқанда, біз Елбасымыздың көреген саясаткерлігінің арқасында осындай экологиялық-экстрималды аудандардағы халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге алдын ала көздеп, мына қазіргі кездегі нарыққа төтеп бере алатын, нарыққа қабілетті осындай мал әкеліп, соған сәйкес ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге бізге жағдай жасады.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Сыр өңіріне жасаған сапарында Кіші Аралды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен де танысты. Мемлекет басшысының бастамасымен аймақта «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау» атты «ғасыр жобасының» бірінші кезеңі сәтті жүзеге асырылды. Ақлақ су торабы, Көкарал бөгеті, Айтек кешені және қорғаныс дамбасы салынды. Мұхтар Құл-Мұхаммед Көкаралға үлкен сумен Сырдариядан келіп түскен балықтарды құтқару процесіне куәгер болды.  Балықты аумен аулап, Кіші Аралға жіберу жұмыстары 8 тамызда басталып кетті. 

Шарипа САҚТАПОВА