$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда қыс аязды болмақ

AstanaTV
15.10.2018ж. 20:00
4819
Қазақстанда қыс аязды болмақ

Биылғы қыс былтырғыдан 1-2 градусқа суық болады. Бірақ, қар мөлшері жылдағыдан аз жаумақ. Ал, Қазақстанның солтүстік бөлігіне 20 градустық аяз қараша айында келеді деп болжайды синоптиктер. Бірақ, қаңтар, ақпан айларында температура жылдағы көрсеткіштен бірнеше градусқа төмен болмақ.  

Марина ШМИДТ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» ГИДРОМЕТОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Айтарлықтай аяз қарашаның бірінші, екінші және үшінші онкүндігінің ортасында басталады. Қазақстанның солтүстігінде түнде 10-20 градус, күндіз 5-10 градус суық. Ал, оңтүстікте түнде 5-10, күндіз 0-5 градус суық болады. Ұзақ мерзімді болжамдарға сәйкес, алдағы қыс Қазақстанда суық болмақ. Ауа температурасы көпжылғы орташа мәннен төмен, жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады.