$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда жаңқа жұтқан жөсөспірімге наубайхана қожайыны 50 мың теңге төлейтін болды

AstanaTV
15.10.2018ж. 19:00
3492
Қостанайда жаңқа жұтқан жөсөспірімге наубайхана қожайыны 50 мың теңге төлейтін болды

Нан арасына жаңқа жіберген нан өндіруші 50 мың теңге моральдық өтемақы төлейтін болды. Қостанай қалалық соты наубайхана қожайнына қатысты осындай шешім шығарды. Заңғар Санай сабақтайды.  

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Қалалық соттың судьясы Әлібек Тілеуішевтің айтуынша, жеке кәсіпкер кінәлі еместігін дәлелдей алмаған. Демек, тұтынушы құқығы бұзылғаны анық. Сондықтан, судья наубайхана қожайынына моральдық өтемақымен қоса алпыс мың теңгеден астам сот шығындарын төлеуге міндеттеді.

Әлібек ТІЛЕУІШЕВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

Жеке кәсіпкер «Пасечниктен», арызданушы Алина Масальскаяның пайдасына 50 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілсін. Талап-арыздың қалған тұсы қараусыз қалдырылсын. Жауапкер кінәлі еместігін сотта дәлелдей алмады. Осы жағдайларларға байланысты сот заң бұзушылық болғанын және белгіленген көлемдегі моральдық өтемақы жеткілікті деп санайды.

Оқиға тура бір ай бұрын болған еді. Нанның ішінен шыққан жаңқадан 14 жастағы жасөспірім зардап шеккен болатын. Ол кеңірдегіне қадалған қадамен үш күн бойы қиналған. Ата-анасы оны бірден лор-дәрігерге апарғанын айтады. Бірақ, ақ халаттылар ағаш шөңгені байқамаған. Тек арнайы аппараттың көмегімен көмейдегі тікенек анық көрініп, оқушыға ота жасалған еді. Ләйлә!  

Жапа шеккен қыздың анасы Наталья Масальская моралдық және материалдық шығын ретінде 300 мың тенге талап еткен болатын. Бірақ, соттың шешіміне олар қанағаттанды.  

Наталья МАСАЛЬСКАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

Біздің мақсатымыз-ақша алу, моральдық өтемақы өндіру емес. Негізгі, меже жауапкер тараптың кінәсін мойындату еді. Сондықтан, сот шешіміне разымыз.

Еске сала кетейін, Наталья Масальскаяның шағымы бойынша басы дауға қалған шаһардағы наубайхананы қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының мамандары тексеріп, өндірістік қауіпсіздік ережелерінің ескерілмегенін анықтаған.  

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:  

Осының негізінде жеке кәсіпкерге 50 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салыныпты. Ал, жауапкердің бүгінгі сот шешіміне қатысты жауабы белгісіз.

З. Санай