$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Заңгерлер Төреғали Төреәлі қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін деп есептейді

AstanaTV
15.10.2018ж. 20:00
3828
Заңгерлер Төреғали Төреәлі қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін деп есептейді

Бортқа билетсіз өткен белгілі әнші Төреғали Төреәлі 2 миллион теңге айыппұл төлеуі немесе 1 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Көліктегі ішкі істер департаменті Қылмыстық кодекстің 392 бабы 1-ші бөлігі бойынша іс қозағағанын хабарлады. Дегенмен, белгілі заңгер Сергей Уткин әнші бұл қадамға амалсыз барса, қылмыстық жауапкершіліктен бостылуы ықтимал,- дейді.  

Сергей УТКИН, ЗАҢГЕР:

Заңгерлердің тілінде қылмысқа амалсыздан барды деген түсінік бар. Әрине, адам заңды бұзбауы тиіс. Ал, егер жақыны хәл үстінде болса, мемлекеттік шегарадан да атап кетуге тура келеді. Адам өліміне жол бермес үшін осындай қадамға бару-қажеттілік деп саналады. Мұндайдан қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.   

Әнші Төреғали Төреәліге қатысты бұл оқиға 13 қыркүйекте Алматы халықаралық әуежайында болған. «Эйр Астана» борты Гонконгқа ұшуға дайындалып жатқанда, экипаж мүшелері оның ұшақтан түсіп бара жатқанын байқайды. Билетсіз жолаушыны көрген соң жолсеріктер жолаушыларды қайта сүзгіден өткізіп, рейс кешігіп ұшады. Кейбір ақпарат құралдары әнші науқас баласын шығарып салған деп жазады. Ал, ұшу алаңына жолаушы жібергендер айыппұл төледі.  

Р. Асқарбекұлы