$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Қазатомпром» IPO-ға шығады

AstanaTV
15.10.2018ж. 20:00
5150
«Қазатомпром» IPO-ға шығады

«Қазатомпром» Лондон мен «Астана» биржасына шығатыны туралы хабарлайды. Компания бүгін IPO-ға тіркелгені жөнінде ресми мәлімеді. 100 пайыз «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорына тиесілі ұлттық оператор биржада ұсыныстар түсіп жатса, 25 пайыз акциясын саудаға шығарады. Құнды қағазды Лондонда саудалаумен Credit Suisse пен J.P. Morgan айналысады. Ал, Астанада «Halyk Finance» тартылған. 2019 жылы күшіне енетін заңға сәйкес, «Қазатомпром» табыстан артық ақшадан 75 пайыздан кем емес дивидент төлейді. Былтыр және биылғы жарты жылдықта табысы 481 млрд құрады. Бұдан бұрын жыл соңына дейін IPO-ға «Air Astana», «ҚазАтомПром» және «Қазақтелеком» шығатыны хабарланған. «Қазатомпром» уран өндіретін және оны экспорттайтын ұлттық оператор.   

М. Дюсекина