Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбенің Хромтау ауданындағы шахтада болған жарылыстан зардап шеккен кеншінің жағдайы ауыр

AstanaTV
15.10.2018ж. 20:00
2807
Ақтөбенің Хромтау ауданындағы шахтада болған жарылыстан зардап шеккен кеншінің жағдайы ауыр

Ақтөбе облысындағы «Дөң» кен-байыту комбинатындағы жарылыстан зардап шеккен кеншінің жағдайы ауыр. Ол әлі Хромтау аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер санитарлық авиация мамандары науқас жолға жараса облыс орталығына алып кетеді, деді.  

Людмила ВОЛНЕНКО, ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жағдайы тым ауыр, жарақаттары көп. Сүйектері сынып, басы жараланған. Миы шайқалған. Санитарлық авиациямен мамандар тағы келіп тексеретін болады. Жолға жарайтын болса ғана Ақтөбеге жеткізеді.

Айта кетейік, аудандағы «Дөң» кен-байыту комбинатының шахтасында жұма күні жарылыс болды. Руда жарумен айналысқан Мейрамбек Кенжеғалиев үйінді астында қалып қалған. Анасының айтуынша, оны тек үш сағаттан кейін ғана аудандық ауруханаға жеткізген. Қазір бұл оқыс оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Анасының айтуынша, түнгі жұмысқа шыққан Мейрамбекті жер астына түскен келесі ауысымның шахтерлері тауып алған.  

Бибізада БАЙСАДАҚОВА, М.КЕНЖЕҒАЛИЕВТЫҢ АНАСЫ:

Көріп, ойбай мынау Мейрамбек жатыр. Сонымен солар сол жерде қазып алып баланы, қазып алып, больницаға алып кеткен. Ол үш сағат неге жатады. Ол үш сағат неге жатады балам менің? Оның мастері қайда? Начальник сменасы қайда? Жалғыз неге қалады? Шахтадан шығарда порядок қайда? Олар жиырма адам түсірді ма қасында жүріп, шығарда соларды түгендеп шығару керек.   

Б. Рахметова



Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық