Екі
жылдық тоқыраудан соң банктерде ипотекалық несиелеу жанданды. Қарыз 15,5
пайызға өскен. Жеке тұлғаларға берілген қарыз көлемі 4 ай қатарынан артып
келеді. Бұл туралы Ранкинг жазды.
Маусымда
қарыз беру 2 пайызға артып, 4,2 трлн теңгеге жеткен. Халық үй құрылысы үшін
және баспана алу үшін несие алуды үдеткен. Ол үшін банктер 135,4 миллиард теңге
қарыз берген. Тұтынушылар қаржылай несие алуды да арттырған. Ол 8,4 пайызға
өсті. Дегенмен, корпоративті секторды несиелеу 3,7 пайызға қысқарған. Өйткені
тәуекелдер көп. Олардың қарызды қайтару қабілеті де бәсеңдеген. Маусымдағы есеп
бойынша қарыздардың 10 пайызы мерзімде төленбей келеді. Ал бөлшек несиелеуде
жағдай әлдеқайда жақсы. Қазір жеке тұлғаға берілген несиенің 8,8 пайызы жұмыс
істемейді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен көрсеткіш.