$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Балалар үйінің кітапханасына елшілік өкілдері заманауи кітаптар сыйлады

AstanaTV
17.10.2018ж. 20:00
3149
Балалар үйінің кітапханасына елшілік өкілдері заманауи кітаптар сыйлады

Әлемнің түрлі елдерінде жарық көрген кітаптар Астанадағы балалар үйінің кітапханасына сыйға тартылды. Қайырымдылық акциясы «Нұр Отан» партиясының «Кітапханаларды жаңғырту және заманауи білім орталықтарын құру» жобасы аясында өткізілді.  

Владислав СЕРГЕЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің мақсатымыз-балалардың әр түрлі ұлт өкілдерінің тұрмысы мен мәдениетін біліп таныса дейміз. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жасөспірімдер қызықты да танымы мол кітаптарға қол жеткізгендеріне разымыз.

Сондай-ақ, шара барысында атақты қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасованың қатысуымен шахмат клубы да ашылды. Аталмыш акция «Елшілердің жұбайлары» клубының қатысуымен алғаш рет өткізіліп отыр. Партия өкілінің айтуынша, алдағы уақытта балалардың шет тілдерін үйренулеріне және басқа елдерге саяхаттауларына жағдай жасалмақ. Беларусь елшілігінің өкілдері көптеген кітаптар жиынтығын ұсынды.  

Игорь ИВАНОВ, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОНСУЛЫ:  

Бұл арнайы жинақ Сыртқы істер министрлігімен дайындалған. 120-дан астам кітап бар. Айта кетсек, мәдениет, ғылым, поэзия, қиял-ғажайып сияқты әртүрлі кітаптарды кішкентай бүлдіршіндерге ұсынып отырмыз. Менің ойымша, заманауи оқу құралы оларға пайдалы болады.

Д. Сапарқызы