Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Тұрғын үй-шаруашылығындағы қызмет төлемдері ашық болады

AstanaTV
17.10.2018ж. 20:00
2045
Тұрғын үй-шаруашылығындағы қызмет төлемдері ашық болады

Үй маңындағы айғайды анықтайтын шу сенсорлары орнатылуы мүмкін. Мұндай жаңашылдықты коммуналдық шаруашылық бойынша қызмет көрсететін компания ұсынып отыр. Арнайы дыбыс беру белгісі арқылы құқық қорғау қызметкерлері аулалардағы тәртіпті бақылай алады. Елбасының жолдауында айтылған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын реформалау бойынша «Нұр Отан» партиясы құқықтық кеңесінің отырысы өтті. Қатысушылар бұл саладағы заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мейлінше халық үшін оңтайлы болу керек,-деді.  

Арман ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Еліміздегі 78 мыңнан аса тұрғын үйдің 27 пайызы ғана кондоминиумге тіркелген. Қалғанына кім қызмет көрсететіні белгісіз. Бұл бір жағынан халықтың пәтер иелерінің кооперативіне деген сенімсіздігін көрсетеді. Әрі тұрғындар өз құқықтарын білмейді. Бұл жағдайды біз өзгертуіміз керек.  

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын бірыңғай басқару жүйесі ұсынылып отыр. Меншік иелерінің бірлестіктері құрылса, халық өз қаржыларын басқара алады. Сондай-ақ, ақшаның жұмсалуы ашық болады. Бұл саланы алдағы уақытта жекеменшік иесі немесе басқарушы компания қолға алуы мүмкін. Депутаттар бұған дейін алдымен тіркелмеген тұрғын үйлерді есепке алуы керектігін ұсынды. Ал, саладағы жұмыстың жүзеге асырылуын «Нұр Отан» партиясы қадағалайтын болады.    

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы салада біраз жиналған проблемалардың бар екені белгілі. Ол үшін біз айналымдағы заңдарға оларды жетілдіру үшін, оларды әрі қарай дамыту үшін өзіміздің үлесімізді біздің Мәжілістегі фракциямызбен бірге қосамыз деп сенеміз. Сондай-ақ, әрі қарай осы салаға тиімді қоғамдық бақылауды қалыптастыруда біздің партиямыздың алдында тұрған үлкен мақсаттардың бірі.

Ғ. Қылышбаева