Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада 700-ден астам интернет арқылы алаяқтық фактісі тіркелген

AstanaTV
18.10.2018ж. 20:00
3244
Астанада 700-ден астам интернет арқылы алаяқтық фактісі тіркелген

Астанада 700-ден астам интернет арқылы алаяқтық жасалған. Бұл туралы Ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлап отыр. Жақында сақшылар интернет арқылы адамдар ақшасын иемденген 25 жастағы қарағандылық келіншекті ұстаған. Ол Instagram әлеуметтік желісінде қымбат тондар мен әшекей бұйымдарын арзан бағада ұсынады. Ол алаяқтық құрбандарымен сөйлеспей, тек хат жазысқан. Осылайша, алдын ала төлемді «Киви әмиян» арқылы сұратып отырған. Осылайша, күдікті 8 адамды 1 млн теңгеге алдап соққан. Құқық қорғау өкілінің айтуынша, ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Талғат БӨЛЕГЕНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ІІД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Негізінен жалған тон сатушылар «OLX» парақшаларында көп кездеседі. Сондай-ақ, көліктің бөлшектерін жалған сатушылар «Колесо.кз»-те менмұндалап тұрады. Сондықтан, тұрғындарға мұқият болуды ескертеміз. Интернет арқылы сауда жасасаңыздар, тек сөйлесіп қана қоймай, видеобайланысқа шығаруға тырысыңыздар.

Д. Сапарқызы