$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ірі кәсіпорындар өз жұмыскерлерінің өмір сапасын арттыруға жауапты-Тоқаев

AstanaTV
19.10.2018ж. 20:00
3722
Ірі кәсіпорындар өз жұмыскерлерінің өмір сапасын арттыруға жауапты-Тоқаев

Ірі кәсіпорындар өз жұмыскерлерінің өмір сапасын арттыруға жауапты. Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қарағандылық бизнесмендерге осындай талап қойды. Ол облыс активінде дәл осы әлеуметтік саланы жақсартуға бағытталған Президент жолдауын түсіндірді.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл қалалардағы ірі кәсіпорындарға қатысты. Мысалы, «Арселор Миттал Теміртау». Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыскерлерге лайықты жалақы тағайындау-ірі бизнестің күн тәртібінде тұруы тиіс.  

Қарағанды облысында жұмыссыздықпен күрес мәселесі де қайта қаралатын болды. Аймақта жұмыссыз жастар саны 7 мыңнан асқан. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешу үшін жоғарғы оқу орындары мен колледж басшыларына сұранысқа ие мамандар даярлауды тапсырды. Сонымен бірге, білім ошақтары жұмыс беруші кәсіпорындармен де тығыз қарым-қатынас орнатуы тиіс. Ендігі уақытта түлектердің жұмыспен қамтылуына оқу орындарының ректорлары жауапты болмақ. Сенат төрағасы Қарағанды мемлекеттік университетінде педагогтармен бірге «Ұстаз мәртебесін көтеру, мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқару» сұрақтарын талқылады.  

А. Қуаш