Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қарттарға Президент Жолдауы түсіндірілді

AstanaTV
19.10.2018ж. 20:00
3591
Қарттарға Президент Жолдауы түсіндірілді

Қазақстанның әр өңірінде Елбасының жолдауын түсіндіру жұмыстары жүйелі өтіп жатыр. Оның бірі бүгін Астана қаласында ұйымдастырылды. Есіл ауданының қарттары жиналып, жолдауда айтылған бағыттарды, қолдауларды өз пікірлеріне салып көрді. Бұл зейнет жасындағы тұрғындардың бас қосып, ақылдасатын орталығы. «Арман қала» деп аталады. Шағын ғана мекеме болсада, мұнда ауданның қарттары жиналып әңгімелеседі, пікір алмасады.  

Татьяна ГЛАЗУНОВА, АСТАНА Қ. ЕСІЛ АУДАНЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:   

Бүгінгі кездесу Есіл ауданы Ардагерлер кеңесінің бастамасымен өтті. Онда 5 қазан күнгі Елбасының жолдауын талқыладық, түсінбеген тұстарын түсіндірдік. Қарттардың барлығы дерлік бұл жолдауды қолдап отыр. Біздің басқармаға келсек, 80 пайыз осы қарттармен жұмыс істейміз. Қазір ғана қарттар күніне орай жәрдемақыны кім алады, тұрғын үй мәселесі, денсаулық, жылу беруге байланысты көптеген сұрақтарына жауап бердім. Әрине, мұнымен мәселе шешіле салмайды, бірақ оларға барынша бағыт-бағдар беруге тырыстық. 

Қарттарды ұрпақтарының болашағы алаңдатады. Президент жолдауындағы бастамалар іске асса, халықтың жағдайы едәуір жақсарады,-дейді. Осы орайда еңбектеген бала, еңкейген қарт болсақ та Жолдаудың жүзеге асырылуына ықпал етуіміз керек деген пікірде. 

У. Қабылтайұлы