Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Академик айлығын көктемнен бастап алады. Бюджет жоспарлау түрі

AstanaTV
20.10.2018ж. 20:00
3190
Академик айлығын көктемнен бастап алады. Бюджет жоспарлау түрі

Бюджеттің уақытында игерілмеуі туралы материал жасай бергенге біртүрлі қысылады екенсің... Биыл 47 млрд теңге жұмсалмай қалып отыр. Премьер-министр игерілмеген ақшаны қайтарып алу туралы кезекті рет айтты. Мәселе неде?  

Оразалы СӘБДЕН, ЭКОНОМИСТ:

 - Семьяң бар ма?

– Бар.

– Менің де жанұям бар. Ал семьяда ақша игерілмей қалды деген болмайды ғой. Ақша игеріледі, бірақ жетпей қалады. Айлық аз. Бұның тоқетері - жауапкершіліктің нашарлығы. Бұл ауруға айналды. Себебі жылда солай. Былтыр 100 млрд астам ақша игерілмеген. Алдында одан да көп. Биыл 47 млрд.  

Қаржы министрлігі министрлік өтінім бергенде қадағалау керек, мүмкін артық беріп отырған шығар. Бұл бір. Екіншіден, министрліктер қай уақытта алады, қаржыны? Қаржыны апрель, майда алса, тендер деген мәселе бар ғой, тендерге қояды, тендердің нәтижесін күтеді. Бір-екі ай. Сонымен уақыт кетіп жатыр ғой. Білім және ғылым министрлігіне қараймыз. Апрель, майға барған уақытта зорға айлығымызды аламыз. Оған дейін айлық жоқ, ғалымдарға. Біз айлық алмасақ, біздің министріміз де алмасын, айлықты. Ерте бастан, жаздан жоспарлау керек. Қаржы беру жүйесін күрт өзгерту керек. Жаңа жылдан бастап тез арада қаржы түсуі керек те, құрылыс, басқа да, мысалы мектеп салу тез басталуы керек. Сонда үлгереміз. Оған қатаң заң керек.

Экономист, академик Оразалы Сәбден көктемнің соңына қарай айлық аламыз дегенде жыл басында жасаған материал есіме түсті. Профессор Айгүл Ісмақова былай деген:

Айгүл ІСМАҚОВА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: /3.02.2018 ЖЫЛ/

Міне, осы институтта істеп жатқаныма 30 жыл болды. Соның соңғы 20 жылында қаңтарда алатын жалақымызды сәуірде, 1-майға қарсы аламыз. Анау Шамалғаннан келетін жас ғалымдар бар. Фанатиктер. Жолдарына ақша таппайды. Апай 10 мың, 20 мың беріңізші, деп сұрап жүреді.

Осындай жоспарлау үлгісі. Дәлірегі – жоспарлай алмау салты. Тағы 100 күндік жиналыс еске түседі. Бюджетті жоспарлауды үйрететін семинарларға қатысса ренжімес едік.