$520.48 €574.61 ₽6.06
×

Балаларға арналған «Ұлы дала тарихы»!

AstanaTV
20.10.2018ж. 20:00
4973
Балаларға арналған «Ұлы дала тарихы»!

Ұлы дала тариxы дейміз. Бірақ оны балалар санасында қалыптастыру «Өрмекші адам», «Маша мен аю», «Темір адам» сияқты кейіпкерлер тұрғанда мүмкін бе?! Алматыда осы сауалға жауап іздеп көрген кітап шықты. Ата-бабалардың ұрпаққа қалдыратын «сиқырлы құралы» - дәстүр мен тарих. Кітапта осы баяндалған. Туындының авторы - Ализа Шайх қарапайым отбасынан шыққан, үш баланың анасы. Ол әлеуметтік желідегі парашасында мынадай жазба қалдырыпты. «Балаларымыздың өмірінде дамудың екі жолы бар: Олар «попкорн жайпаушысы», яғни құл болып, күнделікті жалықтыратын тұрмыс кешіп, басқалардың жеңістері мен жеңілістерін бақылап жүретіндер. Күйбең тіршілік салдарынан олар қызғаншақ, қара ниетті, әдепсіз болады, ал олардың аузынан шыққан сөздері ашуға, табалауға толы. Қартайған ата-ана осы сұмдықтың бәрін басынан кешіруге мәжбүр, өйткені олар өз балаларынан қашып кете алмайды ғой. 

Екінші жол – қол жеткізген жеңістерге толы немесе жасаған істері үшін мақтаныш сезіміне бөлену жолы! Олар өз халқын, өзінің ата-анасын, бүкіл адамзатты сүйетін адамдар болмақ! Мұндай балалар өздерінің өмірлерін үздіксіз жақсартуға тырысып, халқының және ата-анасының атағын шығарып, есімі адамзат өркениетінің тарихында мәңгі қалатын ұлы адамдар болу үшін жаңа жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылады. Осының соңғысын баламның бойынан табу үшін кітап жаздым». 

Ализа ШАЙХ, «ҰЛА ДАЛА ТАРИХЫ» КІТАБЫНЫҢ АВТОРЫ, ТАРИХШЫ:

Мен ана болғаннан кейін - үш ұлым бар, өз ұлдарым үшін олар Отанын сүйсін, Қазақстан тарихын білсін деп ойладым. Сонда осындай кітап іздедім, бірақ оны таба алмадым. Нақты айтсам, 3 жастан бастап 13 жасқа дейінгі жас балаларға таппадым. Негзі Қазақстан тарихы туралы кітап көп. Бірақ 13 жастан үлкен адамдарға арналыпты. Сәбилерге жоқ екен. Қазір тарихқа байланысты деректер табылып жатыр, бірақ ол оқулықтарға енбеген. Мысалы, Шыңғысхан бұрынғы оқулықтарда жаулап алушы болып көрсетіледі. Оны түрік тайпалары хан етіп сайлаған. 

Туындыны безендіруге еліміздің танымал суретшілері атсалысқан. Көрнекілігімен, тілінің жеңілділігімен ерекше. Мәтіндер балалар үшін ұғынықты, қысқа ақпарат түрінде берілген. 2 мың данамен жарық көріп отыр. Мың данасы қазақша, мың данасы орысша. Ал тұсаукесер рәсіміне автордың отбасы мүшелері қазақ батырларының образында барғаны әсерлі көрінді.