Дзюдодан ел чемпионатына дайындық қызу жүріп жатыр. Федерацияның вице-президенті Асхат Жіткеев жарыста топжарған палуандарды Ұлттық құрамаға тартамыз,-дейді. Олар келесі жылы Токиода өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.
Асхат ЖІТКЕЕВ, ҚР ДЗЮДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:
Бүкіл спортшылар іріктеу жарыстарын бітірді өткен аптада. Қазір енді жас балаларымыз да бар. Осы чемпионатымызды тағы да жас палуандар шықса деп, мықты спортшыларды көрсек деп үміттенеміз. Бұйырса, жақсы іріктеу өтеді деп ойлаймыз.
ТІЛЕК ТОҚТАСЫНҰЛЫ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Қарсыластарымның барлығы тәжірибелі спортшылар. Мен осы жарыста жүлделі боламын деп ойлаймын. Қазақстан чемпионатына, одан әрі әлем біріншілігі, Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіске жету бала кезден арманым.
Айта кетейік, дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты қарашаның 13-і мен 16-сы күндері «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Оған еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қараларынан 500-ге жуық спортшы қатысады.
АХАТ ӘШІРОВ, ДЗЮДОДАН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:
Қазір ел чемпионатына дайындық ретінде оқу-жаттығу іріктеулері басталып кетті. Яғни, аптасына екі рет, үш немесе алты рет жаттығулар болады. Бұл келесі жылы өтетін олимпиада алдындағы маңызды сынақ. Спортшыларымыздан үлкен үміт күтеміз.
А. Бектас