$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шенеуніктер қандай қызметтік көліктерге тапсырыс беретіні белгілі болды

AstanaTV
23.10.2018ж. 20:00
3621
Шенеуніктер қандай қызметтік көліктерге тапсырыс беретіні белгілі болды

Биыл бюджет мемлекеттік мекемелерге 16,6 млрд теңгеге авто көлік сатып берген. Өткен жылы оған 26,6 млрд теңге жұмсапты. Бұл туралы «Қазавтоөнеркәсіп» одағының төрағасы Олег Алфёров мәлімдеді. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметкерлердің таңдауына тоқталды. Бұл тізімде «Мерседес», «Лексустар» жоқ. Өйткені, мемлекеттік сатып алуға тек отандық өндіріс қатысады.  

Олег АЛФЁРОВ, «ҚАЗАВТОӨНЕРКӘСІП» ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОМОБИЛЬ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Мемлекеттік мекемелердің сұранысына ие автомобильдер: бірінші орында жол талғамайтын «Lada 4x4», екінші орында «Skoda Оctavia» және үшінші «JAC S5» тұр. Осыларға ұқсас бестікке «Lada Vesta» мен «KIA Сerato» да еніп отыр.

Жеңіл көліктің жалпы сатылымына келсек. Көш басында «Lada Granta» 2 771 көлік сатылған. Содан соң «Lada 4x4» 2 322 және «Hyundai Tucson» 1 890 машина өткен.  

Отандық көлік құрастырушылар биыл 120 миллиард теңге пайда тапқан. Бүгінде елде сатылатын екі көліктің бірі Қазақстанда құрастырылады.

Д. Сапарқызы