Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Парижде Путин мен Трамп кездеседі

AstanaTV
24.10.2018ж. 20:00
2598
Парижде Путин мен Трамп кездеседі

Ал, Владимир Путин мен Дональд Трамп қарашаның 11 күні Парижде кездеседі. Бұл жөнінде Ресей көшбасшысының көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Кездесудің ай-күні мен өтетін жерін Владимир Путин Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтонмен жолыққанда белгілеген екен. Қазір ол Мәскеуде жұмыс сапарымен жүр. Бұл қос президенттің екінші дидарласуы. Бұған дейін олар шілденің 16 күні Хельсинкиде жүздескен. Күн тәртібінде талқыға түсетін тақырып әзірге құпия болып тұр. Қайткенмен қос елдің қарым-қатынасы мен халықаралық проблемалар көтеріледі деп күтіледі. Еске салайық, АҚШ биыл Ресейге қарсы бұрын соңды болмаған қатаң санкция енгізді.  

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Біз оны істей аламыз... Дәл қазір талқыланып жатыр. Джон Болтон қазір Ресейде жұмыс сапармен жүр. Ол әртүрлі келіссөздер жүргізіп жатыр, соның ішінде барлық ядролық жағдайлар да бар. Осыдан бір жақысылық болар деп олйаймын.

З. Санай