Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Көпір тұрғындар қарсылығына қарамастан жөнделеді-Орал әкімі

AstanaTV
24.10.2018ж. 20:00
2054
Көпір тұрғындар қарсылығына қарамастан жөнделеді-Орал әкімі

Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев тұрғындардың қарсылығына қарамастан, даулы көпірдің бәрібір жөнделетінін айтты. Өйткені, жарты ғасыр тұрған көпір апатты жағдайда. Қала басшысы ескі көпірді бұзу жұмыстары 1қараша басталады,-деді. Әкімнің сөзінше, күніне ондаған мың көлік жүретін бұл көпір-стратегиялық нысан. Сондықтан, санаулы адамнан гөрі халық мүддесі басым тұруы тиіс,-деді. 2 жыл ішінде екі есе үлкейтілмек. Оған 5 миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Әкім көпір құрылысына қарсы шыққан тұрғындардың үйлері бүлінбейтініне уәде берді. Өйткені, құрылыста жаңа технология қолданылады. Ал, үйлер қирап қалса, келген шығынды мердігер мекеме өтейтінін айтты. Тіпті, үйге ұры түспеуі үшін полицияны жұмылдырып, қажет болса камера орнатамыз деп сендірді.  

Мұрат МҰҚАЕВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Жаңа үй алып беруге ешқандай негіз жоқ. Адамдармен қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олар ол жерден көшуі керек. Өздерінің қауіпсіздіктері ... Енді жаман айтпай жақсы жоқ дейді қазақта. Қазір барлық жағдайын жасап қойып отырмыз. Әрине, бұл жерде сауда болуы мүмкін, бірақ та біз заңды түрде оларға пәтер алып беруге негіз жоқ. Ол үйлер жеке меншігі олардың. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, көпірдің жөнделуіне байланысты тұрғындарға көшу керегі айтылған. Оған біразы қарсы шықты. Құрылыс басында ауыр техника жұмыс істесе үйлер бүлінеді деп қорқады. Әкімдік тұрғындарға уақытша пәтер жалдап бермек.   

Е. Карин