Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанада VIII Азаматтық форум өтті

AstanaTV
24.10.2018ж. 20:00
3708
Астанада VIII Азаматтық форум өтті

Астана әкімдігі Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 66 әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асырды. Бүгін әкімдіктің мұрындық болуымен «VIII Азаматтық» қалалық форум өтті. Ашық алаң жұмысына Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, қоғамдық даму министрі Дархан Калетаев, Парламент және қалалық мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, саяси партиялар қатысты. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қажеттінің барлығын ұсыну керектігін айтып өтті.  

Бақыт СҰЛТАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Бүгінде біз үкіметтік емес ұйымдарды Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму институттары ғана емес, мемлекеттің де сенімді серіктесі деп сеніммен айта аламыз. Олар өздеріне көптеген әлеуметтік функцияларды жүктеу арқылы әлеуметтік саладағы түрлі мәселелердің шешім табуына үлкен үлестерін қосып жатыр.

Астанада қазір 3 мыңға жуық Үкіметттік емес ұйым әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып отыр. Мәселен, «Ардагер» қоғамдық бірлестігі 20 жыл бойы зейнеткерлерге тегін қызмет ұсынып келеді. Олар қарияларға психологиялық және құқықтық көмек көрсетеді. Мұнда қарттарға арналған хареорграфиялық үйірмелер де бар.  

Сәуле ШОТАНОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:  

Арнайы жетекші бар биге үйрететін. Шығыс билерін үйренеміз. Бізде аэробика, иогаменде айналысамыз. Жүхумен де айналсамыз. Соның барлығына үйрететін жетекшілеріміз бар. Және біздің басшыларымыз бізге жақсы назар аударады. «Ардагер» қоғамында болу өте пайдалы.

Д. Сапарқызы